Размер шрифта:
A
A
A
РУСКАЗ
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы
БАСҚАРМАМЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРМЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ
Блогі

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының  блогі
Алғыс айту
Дәрігердің, медициналық қызметкердің, медициналық ұйымының сапалы жұмысына кері шақыруын қалдыра аласыз.

Авторландыру
Тұтынушының аты
Пароль
Тіркелу
Ауа-райы
Статистика
/  Бас /  Жариялама
Жариялама
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді бастау туралы хабарлама
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді бастау туралы хабарлама
Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын  жүргізуді бастау туралы  хабарлама

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 11268 тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 15604 тіркелген) сәйкес 2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін  азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – ӘМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу кампаниясын жүргізуді басталуы туралы хабарлайды.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК шегінде және МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорында тіркелген денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры уәкілетті органның(www.mz.gov.kz), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарында 2017 жылғы 14 қыркүйекте орналастырылады.   

Азаматтарды тіркеу ӘМСК ұйымдарында олардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсетіп, тікелей немесе жазбаша немесе «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы  өтінгенде жүргізіледі.

Он сегіз жасқа толмаған адамдарды тіркеу тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың бар болу кезінде жүргізіледі.

 

Президенттің Жолдауы
Жасыл экономикасы

Жасыл экономикасы
Вакцинация
Объявления
Баннерлер
|
|
«Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасы» ММ © 2011-2015
Материалды қайта басу және көшіру кезінде сайтқа аудару міндетті түрде қажет. Дизайн мен веб-портал
«SmartSite» компаниясың зерттемесі
НАВЕРХ